Трек очень похож на
- Название Ана туралы жыр
- Исполнитель Еркiн Нуржанов
- Жанр Pop
Видео
Текст песни
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың,
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым,
Өзіне арналған.
Қ-сы
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін.
Қолымы түспеді.
Қ-сы
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Ете гөр қанағат,
Әзірге берерім.
Балалық махаббат,
Бол риза, анашым.
Қолдағы осы бар,
Өзіне арналған.
Әнімді қосып ал.
Қ-сы
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.

